Ерболат Беделхан өзінің жаңа қосымшасын таныстырды

16.08.2022 в 20:18

Қосымша "JUZ Music" деп аталады

Продюсер Ерболат Беделхан өзінің жаңа қосымшасын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv QazForum-ның Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Қосымша "JUZ Music" деп аталады. 

""JUZ Music" атты алғашқы отандық музыка агрегаторының пайда болғанын хабарлаймыз. Бұл агрегатор арқылы әлемдегі "Spotify", "Apple music" секілді 463 онлайн дүкенге өлеңдеріңізді жүктей аласыздар", - деді продюсер.

Ерболат Беделханның айтуынша, бұл қосымша әндерді әлемнің ән тыңдау алаңдарына шығарумен қатар, табыс табуға да мүмкіндік береді.