|
28.08.2022 | 15:19
778

Астанадағы Діндер съезінде Гиннес рекорды орнатылмақ

Іс-шара 6 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайында өтетін болады

Астанадағы Діндер съезінде Гиннес рекорды орнатылмақ el.kz

Қазақстан Гиннес рекордын орнатуды жоспарлап отыр. Танымал продюссер Дәуіт Шайхисламов түрлі ұлт өкілдерінен тұратын ең үлкен оркестр құрмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұған дейінгі «Әлем картинасы» жобасы мені шабыттандырды десем де болады. Материалдық емес рухани жағын айтып тұрмын. Мейірімділіктің мол энергиясын алған кезде сол энергияны өзгелермен де бөліскің келіп тұрады. Жаңа жоба идеясы біраздан бері пісіп жетілген еді. Дегенмен, оның басталуына қыркүйек айының ортасында Қазақстан елордасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетіндігі туралы хабар түрткі болды. Осынау жаһандық оқиғаға Рим Папасының келетіндігі де жоспарланған. Қазақстанның бас қаласына ғаламшардың барлық түкпірінен түрлі конфесссия өкілдері келген кезде оларды көпұлтты оркестрдің қарсы алуының символдық мәні бар», - деді Дәуіт Шайхисламов.

Оның айтуынша, «Әлем музыкасы» деп аталатын жоба аясында бір сахнада түрлі халық пен ұлттық ең көп өкілі бас қосып, музыкалық шығарма орындайды. Осылайша, ең көпұлтты оркестр ретінде Гиннестің рекордтар кітабына ену көзделген. Қазіргі уақытта музыканттар worldrecord.kz жобасының ресми парақшасына өтінім қалдырып жатыр.

Дәуіт Шайхисламовтың сөзіне қарағанда, музыканттардың қандай шығарма орындайтынына қатысты алдын ала уағдаластық бар. Іс-шара 6 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайында өтетін болады.

«Әзірше қанша адам қатысатындығын айтпаймын. Өйткені, рекордтың әсері болмай қалады. Яғни, соңына дейін, Гиннес рекордтар кітабы өкілі қатысушылардың нақты санын айтқанша құпия ұстаймыз», - деді ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир