«Қыз Жібекте» Бақыт Әшімова Дүрия мен Қамқаның рөлін сомдаған еді
Қазақ мемлекеттік опера және балет театры көпшілік көрермен үшін саф өнердің раритеті – «Қыз Жібекті» сахналады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Брусиловскийдің 4 актілі операсы бұл жолы ерекше жағдайда көп назарына ұсынылды. Қазақ КСР-інің Халық әртісі Бақыт Әшімованың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған өнер кеші майталманның мамандықтағы даралығын әспеттей түсті.
«Апай өте тазалықты, адалдықты сүйетін. Жүріс-тұрысымыз, сөйлеуіміз, тіліміздің анық, таза болуына апай көп мән беретін», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина.
«Қыз Жібекте» Бақыт Әшімова Дүрия мен Қамқаның рөлін сомдаған еді. Өнердегі әріптестері «әртістің кәсібилігі мен табиғи шеберлігі, көпті сүйсіндірген әсем даусы классикалық әрі халықтық музыканы түсінетін көрермен жүрегінен әлдеқашан орын алған» деп еске алды.
«Көріп тұрсыздар, залда кқрермен толып отыр. Өте қуанамыз. Өнердегі байлығымыз классикалық опера жоғалмайды және оған көрермен қызығады, дәріптейді деп ойлаймыз. Бқл өнердің кейінгі ұрпаққа берері мол», – деді опера труппасының көркемдік жетекшісі Болатбек Бөкенов.