Дос-Мұқасан ансамблі жайында фильм жарық көрмек

21.08.2022 20:24

Бұл әр түрлі жастағы аудиторияны өзіне баурап алатын отбасылық кино

kazakhcinema.kz

Дос-Мұқасан ансамблі жайлы түсірілген фильм 29 қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ZTB.KZ инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Фильм жарты ғасырға жуық тарихы бар алғашқы ансамбльдің құрылу және қалыптасу хикаясын баяндайды. Бұл әр түрлі жастағы аудиторияны өзіне баурап алатын отбасылық кино. Музыка, талант, алғашқы махаббат, сенім мен нағыз достыққа құрылған шынайы жүрекжарды оқиға.

Фильм режиссері - Айдын Сахаман.

Рөлдерде: Мейірғат Амангелдин, Мақсат Сәбитов, Елдос Шайкенов, Саят Мақұлбаев, Айғаным Сағынбаева, Никита Погодаев, Нұргиса Қуанышбайұлы, Әбілмансұр Серіков, Артур Асқарұлы, Серікбаева Бақытгүл, Шах-Мұрат Ордабаев, Александр Ли және Зухра Сайпи.