«Гран-при» иегеріне 2 000 000 теңге сыйақы берілді
Алматыда әншілердің «Алматы жүрегімде – 2022» халықаралық байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы жүрегімде – 2022» байқауы 4-5 желтоқсанда өтті. Оған Израиль, Болгария, Литва, Беларусь, Армения, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 20-35 жас аралығындағы 15 жас орындаушы қатысты.
Байқаудың бірінші күні қатысушылар қазылар алқасының мүшелеріне өз елінің хит-шерулерінде жетекші орын алатын танымал эстрадалық шығармаларды ұсынды. Байқаудың екінші күні эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақстандық әндер орындалды.
Байқау қорытындысы бойынша «Гран-при» номинациясы және 2 000 000 теңге қазақстандық әнші Әділхан Макинге берілді, «1-сыйлық» пен 1 500 000 теңгеге Армениядан келген Сюзанна Мелконян ие болды, ал «2-сыйлықты» және 1 000 000 теңгелік марапатты екі әнші бөлісті, олар - қазақстандық әнші Мәди Сыздықов пен Мордовиядан келген Вячеслав Явкин. 500 000 теңге жүлдесі бар «3-сыйлық» номинациясын Беларуссиялық орындаушы Анастасия Рачинская, Грузия әншісі Георгий Такаидзе және Болгариядан келген Христиана Жданова өзара бөлісті.