Алматыда жарық көрген 35 кітаптың авторы кім

28.11.2023 20:29

Мың данадан шыққан басылымның саны келесі жылы арта түспек

Almaty.tv

Ұлттық кітапханада «Абай» баспасынан жарық көрген 35 кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Баспа қазақ әдебиетінің классик ақын-жазушыларының шығармаларынан бірегей серия жасақтаған. Жаңа дизайндағы жинақтар бұрыннан қалыптасқан форма мен түстер галереясын, тіпті мазмұны мен тақырыбын да бұзып, жаңа тартымдылығымен оқырманға жол тартты. Әрқайсысы мың данадан шыққан басылымның саны келесі жылы тағы арта түспек.

– Бүгінгі таңда кітап оқу сәнге айналып келе жатыр. Әсіресе, жастар көп оқиды. Қазақ әдебиетінің 95 пайыз классиктері тізімге енген, – деді ақын, баспа директоры Ақберен Елгезек.

– Әуезов, Жансүгіровтен бастап қазақтың біраз классигінің кітабы оқырманға жол тартыпты. Солардың арасында «Балалық шақ баяны» дейтін кітабым жарық көрді. Бұл – балаларға базарлық, – деді жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай.

Оқи отырыңыз: Алматы кітапханаларында тегін шет тілін үйренуге болады