Іс-шара Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылды
Тарихқа тағзым. Алматыда «Көшпенділер өркениеті: Ұлы қағандардың хаттары, жарлықтары» атты көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен көрмеге көшпенділер тарихындағы хандардың хаттары, жарлықтары, таңбалары секілді құнды жәдігерлер қойылған.
«Құсни хат үлгісіндегі, XIII ғасырдағы ұлы, кіші қағандардың, хандардың жарлығы теріге ойып, әдіктеп жазылған жәдігерлерді алып келіп, көрмеге қойылды», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ филология институтының директоры Алуа Таңжарықова.