«Шайтанның ең күштісі кірген-ау осыған»: атышулы Замира суицид жасамақшы болған

09.10.2019 20:29

Құран кітапты басына қойып ұйықтаса да, ешнәрсе оған көмектесе алмапты

Атышулы Замира Сұлтан кейінгі кезде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оны әлдебір нәрсе түнімен ұйықтатпай, қылқындырады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қалаулым сен» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Мені емдейтін апа бар. Қызымды, ұлымды емдеді. Соған барғанда ем жазып берді. Өз-өзіме қол жұмсағаннан кейін екі апта ұйықтамадым. Ұйықтасам, шайтандар қылқындырады. Терезе-есікті жапсам, "неге жаптың?" дегендей. Неше түрлі жағдайлар болды. Қасымда апам отырады. Күндіз ғана ұйықтайтынмын. Өйткені түнде маза бермейді», – дейді.

Әжесінің жеті атасынан қалған Құран кітапты басына қойып ұйықтаса да, ешнәрсе оған көмектесе алмапты. Айтуынша, кейіннен Замираны орыс әже емдеп жазған.

Сұхбатты тамашалағандар түрлі пікір қалдырып жатыр. Көбі оны арсыз істеріне тыйым керектігін ескертіп жатыр деп түсіндіреді.

"Шайтанның ең күштісі кірген-ау осыған", "Замира тәубеге кел, сонда бәрі жақсы болады", "Беті ашылып кеткен, ұялу деген нөл", "Бұл адам болмайды", "Құдай сақтасын!", - деп жазды желі қолданушылар.