Алматыда «Мұқағалимен сырласу» атты поэтикалық-музыкалық қойылым өтті

11.02.2021 20:30

Шара қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнайы ұйымдастырылған

Алатау дәстүрлі өнер театрында осындай атаумен поэтикалық-музыкалық қойылым өтті. Шара қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнайы ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қойылымның қоюшы-режиссері – Жұлдызбек Жұманбай. Спектакль автордың ой-арманынан, жан сарайынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған өлең-жырлары мен әндеріне құрылған сахналық қойылым. 

Сонымен бірге Отан-Ана мен Табиғат-Ананың болмыс-бітімін арқау еткен махаббат пен ғашықтық, жақсылық пен достық секілді сан қырлы тақырыптарды қамтиды.