Қонақтарға «Абай сәулесі» атты кітабы сыйға тартылды
Ұлы ақынның мұрасын дәріптеу елдің ұлттық кітапханасында жалғасты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Білімдіден шыққан сөз...» атты мерекелік іс-шараға белгілі театр әртістері қатысып, көпшілікке қойылымнан үзінді көрсетілді. Сондай-ақ қонақтарға профессор Болат Жүнісбековтің «Абайдың ақын ұлдары» және «Абай сәулесі» атты кітабы сыйға тартылды.
«Өздеріңіз білесіздер, кітапханада 2 жыл бұрын «Абай әдеби орталығы» ашылды. Сол орталықта күнделікті іс-шара өтеді. Абай атамызға арналған іс-шаралардың тұсаукесері, кездесулер өткізіп келеміз», – деді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова.
«Абай біздің жастарға үлкен үміт артты. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бүгінгідей дүрбелең заманда да Абайдың бізге айтатын аманаты сол – алдымен жастарымыздың білімді, ғылымды меңгерсін. Сонда ғана біздің еліміз басқа өркениетті елдердің сапында алдынғы қатарда болады»,– деді жазушы, абайтанушы Болат Жүнісбеков.