Іс-шарада қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақын-жазушылардың шығармалары оқылды
Алматыда кино қайраткері, ақын, мұқағалитанушы Шаяхмет Имашұлымен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шарада қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақын-жазушылардың шығармалары оқылып, поэзиядан сыр шертілді. Кездесуге тіл жанашырлары мен ақынның достары, үзеңгілес-замандастары келді. Еңбек жолын «Қазақфильмде» актер болып бастаған Шаяхмет Имашұлы түрлі отандық кинотуындыларға түскен. Қазақ кино өнерінің үздігі, 150-дей фильмге дубляж жасап, алтын қорға мол үлес қосқан қайраткер. Басқосу қоғам зиялысының мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
– Поэзия – тіл үйренудің төте жолы. Ахмет бабамыздың «Қазақтың атасы - тарих, анасы – тіл» деп айтқан сөзі бар. Бүгін поэзия антологиясындағы 30-дай ақынның өлеңін оқимын, – деді ҚР кино қайраткері, ҚР кинематографиясының үздігі Шаяхмет Имашұлы.
Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды