Алматы төрінде «Аққу көлі» балеті сахналанды

Almaty.tv
Almaty.tv
Екі актіден тұратын спектальде адалдық пен жауыздық, махаббат пен сатқындық күресі көрініс табады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы төрінде «Аққу көлі» балеті сахналанды. Әлемдік композицияны танымал хореограф Болат Аюхановтың ұжымы қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Балет әртістері бұл туындыны соңғы рет бес жыл бұрын орындаған. Ұйымдастырушылар «Араға осынша уақыт салып, классикалық қойылымды жаңа қырынан танытпақпыз» дейді. Екі актіден тұратын спектальде адалдық пен жауыздық, махаббат пен сатқындық күресі көрініс табады.  

«Өмір ешқашан бір түсті болған емес, әрқашан түрлі реңкке ие, өмірде адалдық пен махаббат та, сатқындық пен зұлымдық та кездеседі. Бұл балетте барлығы көрініс тапқан. Аққу – тазалықтың, нәзіктіктің нышаны, лирикалық бейне», – дейді балеттің жетекші солисі Айнұр Мұқашева.

Айта кетейік, таңдай қақтырар бұл туындыны Петр Чайковский 1877 жылы жазған. Сол уақыттан бері әлемдік деңгейдегі хореографиялық классиканың жауһарына айналған композиция түрлі нұсқада көпшілік көрерменнің назарына ұсынылып келеді. Бекзат өнерді тамашалуға келгендердің саны көп болды. Сахна декорациясы, суретшінің шығармашылық ізденісі мен қойылым талғамы биік көрерменді тәнті етпей қой­мады.  

«Болат Ғазизұлының нұсқасымен қойылған бұл туындының өзгелерден ерекшелігі – динамикасында. Араға 5 жыл салып, қайта сахналауымыздың себебі – қойылымды орындау үшін бастапқыда балет әртістері жетіспеді. Біз нағыз таланттарды іздедік. Жоғары деңгейді жұмыс істедік. Осылайша, көрермен кәсіби түрде дайындалған жұмыстың куәсі болды», – дейді балеттің көркемдік жетекшісі Дияр Ақенев. 

Новости партнеров