Алматыда Қазақстанның халық әртісі, хореография профессоры Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтің 100 жылдығына орай «Бақшасарай бұрқағы» атты балет кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақтың тұңғыш балетмейстерін еске алуға келген көпшілік, өнер иесінің естеліктері мен басқа да поэма балеттері тізбектелген топтаманы тамашалады.
«Ол кісі тек балетмейстер емес, керемет биші. Оның ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде би ансамбльінің құрылуына мұрындық болып, қазақтың би өнерінің өркендеуіне зор үлкес қосқан жан. «Бақшасарай бұрқағы» – өте керемет балет. Көрерменнің сүйіп көретін. Дәурен Тастанбекұлының қалай билейтінін білсін деген ниетпен «Бақшасарай бұрқағын» тарту етіп отырмыз», – деді Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының директоры Нұрбақыт Бөкебаев.