Нью-Йоркте Шәмші Қалдаяқовтың әнін қазақ қызы қобызбен орындады

06.09.2020 20:48

Әсел Нұркенова "Туған күн кешінде" атты әнін орындады

Спутник Қазақстан

Нью-Йоркте қазақ қызы Шәмшінің әнін қобызбен орындады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Менің Қазақстаным" атты музықалық челленджі шеңберінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әсел Нұркенова қобыз аспабында композитордың "Туған күн кешінде" атты әнін орындады.