Хасанғалиев мұның қиын әрі жауапкершілікті талап ететін жұмыс екенін атап өтті
Біржан Хасанғалиев марқұм әкесі, даңқты композитор, Қазақ КСР-нің халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің жарыққа шықпаған романстарын кітап етіп шығармақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Әкемнің артынан қалған мол мұрасы бар. Оның қатарына тек әндер ғана емес, ертерек жазылған Ескендір Хасанғалиевтің романстары да кіреді. Қазір солардың клавирін (аккомпанемент) өзім жазып жатырмын», – деп хабарлады Біржан Ескендірұлы Instagram-дағы парақшасында.
Хасанғалиев мұның қиын әрі жауапкершілікті талап ететін жұмыс екенін атап өтті.
«Алланың көмегімен, екі айдың ішінде бітіремін. Кейін оны кітап жүзінде жарыққа шығарып, халыққа көрсетеміз», – деді ол.
Әлеуметтік желі оқырмандары бұл жаңалыққа қуанып, Біржан Хасанғалиевке сәттілік тіледі.