Кино кеш Түрксіб ауданындағы Сейфуллин атындағы саябақта барлық карантин талаптарын сақтай отырып өтті
Алматылықтарға ашық аспан астында еліміздің жарқын жетістіктерін айшықтайтын деректі фильм көрсетілді. Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасуы жайында, әсіресе, жасөспірімдерге арнап қойылған туынды елордамыздың туған күніне орайластырылыпты. Кино кеш Түрксіб ауданындағы Сейфуллин атындағы саябақта барлық карантин талаптарын сақтай отырып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Түрксіб аудандық жастар ресурстық орталығы жастарға, аудан тұрғындарына кино кеш ұйымдастырып жатырмыз. Бірінші бағыт мерекеге байланысты. Басында Астана туралы кішігірім көрсетілім көрсетіледі. Яғни, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы бар. Таза ауада пайдасы тиеді, жаз уақытында далаға шығып, сергіп, кино көріп...», – деді Түрксіб аудандық жастар ресурстық орталығының үйлестірушісі Арнай Сақымбетов.
«Мемлекетіміздің қуанышты, жақсы бір мерекесі болып жатыр. Бүкіл әлемге танытып өзіміздің халықты, мемлекетімізді көтеріп «Мәңгі ел» ретінде таныстырғанына өте қуаныштымыз. Қазақстанның өркендеген, мәдениетінің орталығын көруге келіп отырмын», – деді қала тұрғыны Азат Тәпенов.