ЭКСПО халықаралық көрмесі алаңында түрлі думанды іс-шара ұйымдастырылды
Ұлыстың ұлы күнінде Астананың бір ғана ЭКСПО халықаралық көрмесі алаңында түрлі думанды іс-шара ұйымдастырылды. Қазақтың ұлттық қолөнерін дәріптеген 50-ден астам шебер арнайы шақыртылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауа райының салқын, десе де Есілдің жағасындағы жұрт Ұлыс күнді тойлауда. Мейрамның басты қонағы – 8 елден арнайы шақыртылған шеберлер. Олар бүгінгі көрмеге өз туындыларын әкелді.
Он күнге жалғасқан думанды шарада Астаналықтарда өзге өңірлерден қалыс қалмады. Бір қуантарлығы мейрам күндері ұлттық киім киіп, әшекей тағынған халықтың қарасы қалың болды. Бүгінде комзол, шапанын киіп, жасанып келгендер көп.
– О, халқым, келді Наурыз қарсы алатын,
Қосылып бір адамдай ән салатын,
Халқымның салт-дәстүрін құрметтейік,
Болсын бізге дұшпанымыз тамсанатын» дегім келеді. Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! – деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Алима Кеңесқызы.
– Наурыз мейрамында әр қазақтың отбасына, шаңырағына береке берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр қазақтың шаңырағына бақыт құсын тілеймін! – деді қала тұрғыны Тоқтар Әмин.
Көпшіліктің көңілі көтеріңкі. Жас баладан үлкен қарияға дейін ұлық мерекеге атсалысуда.
Оқи отырыңыз: Наурызнама: Алматыда Наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр