Алматыда «Еңлікгүл-2022» театр өнерінің кәсіби сыйлығын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алатау дәстүрлі өнер театрында болған республикалық деңгейдегі салтанатты кешке театр майталмандары қатысты. Олар «Жыл актері», «Жыл актрисасы», «Жыл режиссері» сынды 14 түрлі номинация бойынша сынға түскен. Айта кетейік, Қазақстан театр қайраткерлері одағы ұйымдастырған марапаттау кеші осымен 7 жыл қатарынан өткізіліп отыр.
«Қазір қатты толқып тұрмын. Шынымен де мен күткен жоқпын. Екі актер да керемет. Сахнада көріп жүрмін олардың ойындарын. Оларға да келешекте табыс тілеймін, жеңіс тілеймін. Ерінбей сахнада тер төгіп жұмыс істесеңіздер, міндетті түрде оның ар жағында осындай сый-сияпат күтіп тұрады», – деді «Жыл актері» номинациясының жеңімпазы Қайрат Мырзаболатов.