Алматылықтар тұңғыш рок-мюзиклді тамашалай алады

Алматылықтар тұңғыш рок-мюзиклді тамашалай алады
Спектакльде 17 ән шырқалады, оның ішінде 14-і арнайы мюзикл үшін жазылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күзгі жаңартылған премьера осы сенбі күні Республика сарайында қойылады. Махаббат және 40 жылға жалғасқан достық туралы қойылым 2,5 сағатқа созылмақ. Рок-мюзиклдағы барлық шығарманы «Мотор-Роллер» рок-тобы орындайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл өнер ұжымы 25-жылдығын атап өтуде. Спектакльде 17 ән шырқалады, оның ішінде 14-і арнайы мюзикл үшін жазылған екен.

«Басты мақсатымыз – Алматыда 1980 жылдары болған ең жақсы сәттерді көрсету. 1990 жылдары қиын-қыстау заманға тап келген азаматтардың еңсесін түсірмей, мойыған жоқ», – деді рок-мюзиклға арналған музыканың авторы, "motor-roller" рок-тобының көшбасшысы Ілияс АУТОВ.

Қазір әртістер соңғы дайындықтарын пысықтауда. Мюзиклға 60 адам жұмылдырылған. Басты рөлдерді Лермонтов атындағы театрының әртістері ойнайды. Труппа құрамында кәсіби емес те актерлар бар. Ұйымдастырушылар шара ұстаздардың төл мерекесіне сай келгендіктен, мұғалімдер мен оқушылар үшін ақысыз кіруге мүмкіндік жасап отыр.

Новости партнеров