«Сыр бойындағы шайырлы дәстүр және ислам мәдениеті». Осындай атаумен жыршы, әдебиеттанушы ғалым Ұлжан Байбосынованың кезекті туындысы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кітапта автордың 10 жылға жуық еңбегі топтастырылған. Онда қазақ топырағындағы жыршылық, жыраулық және оны орындаушылық дәстүр кеңінен көрініс тапқан. Туындының тұсаукесер рәсімінде Ұлжан Байбосынованың ұстаздары, әріптестері мен шәкірттері келді. Іргелі зерттеу мың данамен жарық көрді.
«Қазақстан топырағына Ислам мәдниетінің келуі, Шығыстық поэзияның таралуы өте ертеден бастау алады, әсіресе Сырдың бойында қарқында дамиды. Ақын шайырлық дәстүр төл әдебиетімен бірге астасып, кең қанат жайып, дамуына үлесін тигізді», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова.
«Кешегі Түркі қағанатынан бастап, Қазақ Хандығына дейінгі бас идеологтар осы – жыраулар болған ғой. Міне осыны өз деңгейінде жарқыратып, насихаттап жүрген Ұлжан Байбосынованың бүгінгі өнер кеші өтіп жатыр. Бұл Ұлжан Байбосыноваға ғана құрмет емес, үш мың жылдық тарихы бар, қазақтың дәстүрлі өнеріне деген құрмет», – деді филология ғылымдарының докторы, академик Қансейіт Әбдезұлы.