Алматыда Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
«Ақ дегелек» деректі фильмінен үзінді көрсетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республика сарайында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі композитордың лирикаға толы әндері шырқалды. Кеш барысында тың туындылардың дүниеге келу тарихынан сыр шертетін «Ақ дегелек» деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Алтынбек Қоразбаев қазақ өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан сазгер. Тыңдармандар «Айхай-25», «Үшқоңыр», «Қоштасудың қиыны-ай», «Сырғалым» және «Сағындым Алматымды» секілді әнін әлі күнге дейін сүйіп тыңдайды.

«Әнде халықтың көңіл-күйі берілсе, әні мен сөзі қабысып жатса, тіптен жақсы. Алтынбектің әндері халыққа жетеді, жақын», – деді Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов.

«12-13 жасымызда көкемізге шәкірт болып, ортаға қосылдық. Арамызда Мейрамбек бар. Қазір шәкірттері көп қой. Өзімді, Мейрамбекті, Тоқтарды төл шәкірті деп есептеймін. Біз – ізбасар мектебінің бастауыш әншілеріміз. Көкеміз бүгін 75 жасқа толып жатыр. Біз үшін үлкен мерейтой», – деді ҚР Өнер қайраткері Алма Аманжолова.

Новости партнеров