Ерекше сый: Неміс музыканты қазақстандық композитордың шығармасын Тайландта орындады

02.02.2023 21:09

Ол көпшілікке жас пианисттің Selected Solo Works композициясын тарту етті

7-su.kz

Үрмелі гобой аспабында ойнайтын танымал неміс музыканты Питер Вил қазақстандық композитор Рахат-Би Әбдісағиннің шығармасын Тайландта орындады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Банкогтағы консерваторияда қалың көпшілікке жас пианисттің Selected Solo Works композициясын паш етті. Осылайша, шетелдік өнер майталмандары қазақстандық «Моцарт» аталып кеткен отандасымыздың туған күніне тарту етті.

Айта кетейік, Рахат-би Әбдісағин – кеңінен танылып жатқан заманауи академиялық музыкалардың авторы. Оның туындылары Германия, Франция секілді мемлекеттерде орындалып жүр. Қазір жас композитор – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Ол Шотландиядағы ең үздік консерваториялардың бірінде білім алып жатыр.