Ересектерге арналған қойылым адамзатқа ортақ мәселені бір отбасының тағдырымен суреттейді
Алматы мемлекеттік қуыршақ театры халықаралық BALAUSA фестивалінде топ жарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұжымның «Макбет. Иллюзия» қойылымы алыс-жақын шетелдік театрлар арасында үздік деп танылды. Ересектерге арналған қойылым адамзатқа ортақ мәселені бір отбасының тағдырымен суреттейді. Осылайша мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің кейіпкерлерін көрерменге алғаш рет қуыршақ бейнесінде ұсынды. Биылғы байқау Ақтөбеде өтті.
«Біздің қуанышымызда шек жоқ. Барлығын артқа тастадық. Мемлекеттік қуыршақ театры алға шығып, бәрін басып озып, эксперементальді қойылыммен оның ішінде Шекспирдің трагедиясымен бас жүлдені қоржынымызға салдық», – деді Мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі Гүлім Рахимова.