Алматыдағы үлкен концерт залдарының біріне Оңдасын Абдуллаевтың есімі берілді

18.04.2024 21:13

Өнер қайраткері аталған білім ордасында жарты ғасырға жуық қызмет атқарған

Almaty.tv

Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының үлкен концерт залына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оңдасын Абдуллаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Танымал қоғам және өнер қайраткері аталған білім ордасында жарты ғасырға жуық қызмет атқарған. Қазақстанның өнер майталмандары, белгілі музыканттар мен өнер қайраткерлері қатысқан концертте еліміздің және әлем композиторларының үздік шығармалары орындалды.

– Оңдасын Абдуллаұлы мектепте 40 жылдан аса жұмыс істеді. Отыз жылға жуық білім ордасын басқарған. Осы уақыт арасында мектеп үлкен жетістіктерге жетіп, талай талантты жастардың әлемдік аренаға шығуына себепкер болды. Сондай-ақ еліміздегі үздік музыкалық бағытта білім беретін білім мекемесі атанды, – деді О. Абдуллаевтың жары, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Майра Диқанбаева.

Оқи отырыңыз: Астанада мектеп оқушысы терезеден секірді