Зүлфираның інісі Әділет Еркінбекова қырғыз басылымына берген сұхбатында әпкесінің денсаулығы былтыр бала босанғаннан кейін күрт нашарлағанын мәлімдеген
Ыстамбұлда «Бішкек аруы-2012» сұлулық байқауының жеңімпазы Зүлфира Еркінбекова қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұның алдында ару қатерлі ісігі барын, аурудың төртінші дегейі екенін жазған. 27 жастағы қыз күйеуімен бірге Түркияда емделіп жатқан, kp.kg мәліметінше, оған 20 мың доллар қаражат қажет болған.
Зүлфираның інісі Әділет Еркінбекова қырғыз басылымына берген сұхбатында әпкесінің денсаулығы былтыр бала босанғаннан кейін күрт нашарлағанын мәлімдеген. Қорқынышты диагноз оған сол кезде қойылыпты.