Олжас Сүлейменов 85 жаста

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
О. Сүлейменов І дәрежелі «Барыс», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», Қазан революциясы орден, медальдармен марапатталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет және Қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды, деп хабарлайды Almaty.tv

Тырнақалды туындысы «Арғымақтар» жинағымен адамзаттың ой әлемінде сілкініс тудырған шайыр шығармашылығы «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» дейтін ұлылар сөзін дәлелдейді. Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, оқырман бір ақынның жырын ғана емес, бір ұлттың сан ғасырлық салиқалы тарихын аралағандай күй кешеді.

Біз бүгін ақын болмысын, ой әлеміне қосқан үлкен үлесін зерттеп жүрген белгілі ғалымның Олжастың туып-өскен ортасы, қалыптасу кезеңдері жайлы мақаласын ұсынғанды жөн көрдік.

Олжас Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында Олжабай батырдың тікелей ұрпағы Омархан Сүлейменұлы мен Фатима Бәделбаеваның отбасында дүниеге келді. Орта жүздің Арғын тайпасы Сүйіндік руының Айдабол тармағынан шыққан. Әкесі Бірінші қазақ кавалериялық полкінің офицері болған, ол Олжас бір жасқа толғанда атылды. Олжастың атын Абылай ханның атты әскерінің оң қанатын басқарған жетінші атасы Олжабай батырдың құрметіне қойған

Олжас 1954 жылы Мәншүк Мәметова атындағы № 28 орта мектепті аяқтаған соң, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің геологиялық барлау факультетіне оқуға түседі. Әдебиетке 1955 жылы араласа бастайды, 1959 жылы Мәскеудегі Максим Горький атындағы әдебиет институтына оқуға түседі.

Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін бітіріп, М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. «Казахстанская правда» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған.

Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы 1961 жылы «Арғымақтар» деген атпен жарық көрген. Оның сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс - қолайсыз маусым», т.б. фильмдер түсірілген. «Аз и Я», «Жазу тілі» атты тіл біліміне қатысты зерттеулері, «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Көңіл көкжиегі», «Әр күн - арайлы таң», «Ақ дария аспаны», «Жұмыр жұлдыз», «Шапағатты шақ», «Атамекен», т.б. жинақтары шыққан.

І дәрежелі «Барыс», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», Қазан революциясы орден, медальдармен марапатталған.

Дүние жүзіндегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің қатысуымен сирек кездесетін тарихи кадрлар және жас ақын Олжас Сүлейменовтің осы оқиғаға –  ғарыштағы адамның жетістіктеріне арналған ең алғашқы өлеңі Кеңес Одағының кеңістігін таңқалдырды. Өйткені, ол кезде интернет те, ірі жаңалықтар агенттігі де, тіпті әр үйде теледидарға да қолжетімділік болмаған еді.



Новости партнеров