|
07.09.2022 | 04:24
8261

Алматыда оркестрлер фестивалі өтеді

Кіру – тегін

Алматыда оркестрлер фестивалі өтеді Twitter

Алматыда Шоқан Уәлиханов атындағы скверде (Шевченко және Қонаев көшелерінің қиылысы) ашық аспан астында оркестрлер фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кіру – тегін.

7 қыркүйекте сағат 20.00-де бірден үш музыкалық жанрды:  қазақ фолк, симфониялық және электрондық музыканы біріктіретін бірегей бағдарлама ұсынылады. Бір сахнада «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және DJ PUZA-мен бірге Мемлекеттік симфониялық оркестр өнер көрсетеді. Бағдарламада қазақ, қазақстандық және еуропалық симфониялық заманауи музыкалардың жеке және бірлескен шығармалары орындалады.

8 қыркүйекте сағат 20.00-де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляковтың басқаруымен Aljazz simphony эстрадалық-симфониялық оркестрінің және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметовтің басқаруындағы ҚР Мемлекеттік алматылық үрмелі оркестрлерінің сүйемелдеуімен рок жанрындағы бағдарлама көрермен назарына ұсынылады. Концертке Urker, Aldaspan, Lamp Orchestra секілді Қазақстанның атақты рок-топтары қатысады. The Beatles, Queen, Кино, Scorpions, Status Quo, Aerosmith сынды рок жанрының әлемдік хиттері, сонымен қатар қазақстандық рок-топтардың хиттері шырқалады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир