|
18.06.2023 | 18:15
3442

Би-2 концерттен түскен сыйақысын өрттен зардап шеккендерге береді

Танымал топ демалыс күні Алматыға келіп, өнер көрсетті

Би-2 концерттен түскен сыйақысын өрттен зардап шеккендерге береді Almaty.tv

Танымал Би-2 тобының әншілері жеке концертінен тапқан табысын Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге береді. Бұл туралы өнер майталмандарының өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол үшін музыканттар 21 маусым Семейде қайырымдылық кешін өткізбек. Ал демалыс күні танымал топ Алматыға келіп, өнер көрсетті. Олардың шығармашылығын тыңдауға мыңдаған жанкүйер жиналды. Келушілерге симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен туындылар тарту етілді.  

«Біздің турымыз басталған сәтте Абай облысындағы қайғылы жағдай туралы естідік. Алайда, концертті тоқтатпау қажет деп шештік. Керісінше, қайырымдылық кеш ұйымдастырып, жиналған қаражатты зардап шеккен отбасыларға көмектесу үшін арнайы қорға жібереміз деп ұйғардық. Біз қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», – деді  Би-2 тобының солисі Александр Уман.

Концертте Би-2 тобының жеке репертуарындағы туындылары, хит әндері орындалды. Соның ішінде, былтыр күзде шыққан жаңа «Аллилуя» жазбасы да шырқалды. Аңызға айналған музыканттардың әнін тек қазақстандықтар ғана емес, шетелден келген қонақтар да сүйіп тыңдады.  

«Би-2 тобы белгілі бір мемлекеттің немесе бір ғана мәдениеттің өкілдері емес, олар әлемге танымал, аңызға айналған топ. Сондай-ақ көрермен қатарында жастар да, қариялар да бар. Бұл дегеніміз өнер майталмандарының туындысы жас талғамайды. Осындай керемет кештің Алматыда өтуі қала тарихындағы жарқын сәттердің бірі деп айтар едім», – деді Қоғам қайраткері Бахт Ниязов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир