Бұрын 27 жасымда үйленетін шығармын деп армандайтынмын
Шоу-бизнес әлемі тағы бір серіге азаятын болды. Отандық танымал актер Аян Өтепберген биылғы жылы шаңырақ көтеретінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Енді өзім де біраз жасқа келіп қалдым ғой. 26-ға келдім. Өзім баяғыда 27 жасымда үйленетін шығармын деп армандайтынмын. Мүмкін 27-де той болып қалатын шығар.
Келер жылы емес, осы жылы. Енді мен сәуір айында 27-ге толамын ғой.
Бәрі айтады жан-жағымда. Білмеймін бүкіл Қазақстан айтатын сияқты. Рас, ол да керек нәрсе. Өзімнің де үйленгім келеді», - деп ағынан жарылды актер.
Көпшілік Гүлназ Жолановамен жұптастырып үлгерген Аян Өтепберген сүйгенінің кім екенін айтудан бас тартқан.
«Сүйіктім жайлы... Оны енді тойда көресіздер ғой», - деп жұмбақтаған актер.