Оқиға әншінің қызы Нилуфар Усманованың жаңа альбомының тұсаукесерінде болған
Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова бала ұстаған әйелді концерттен қуып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CentralAsia порталына сілтеме жасап.
"Жылаған баланы қолыңызға алыңыз да мына жерден шығып кетіңіз, шығып кетіңіз... Жүйкеге тиіп бітті. Шығыңыз!", - деді Юлдуз Усманова залда отырған әйелге. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, Өзбекстандағы желі қолданушылары арасында резонанс тудырды. Көптеген адамдар әншіні айыптады, ол қайтадан "жұлдыз ауруына шалдыққан" деген пікірлер де айтылды. Басқалары әртістің әрекетін қолдап, осындай ата-аналар үшін концертке барудан қалғандарын айтты.