Сүйікті жануарыңызға тамақ беру мүмкіндігі туды
Алматы хайуанаттар бағы «Қарбызды жаз» акциясын бастады. Алматы тұрғындары мен қонақтары зообаққа қарбыз апарып, 3 адамға арналған сыйлық сертификатын ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бақ қызметкерлерінің айтуынша, биыл Алматыда жаз ерекше ыстық болып тұр. Осы жағдайда мамандар зообақтағы жануарларды ыстықтан қорғау үшін оларға барынша қолайлы жағдай жасауда.
-Көптеген жануарға арнайы су сепкіштер орнаттық, барлық жануарға таза, салқын су беріп жүрміз. Оларға ыстықтан қорғау үшін су беріп қана қоймай, шөл қандыратын тәтті қарбыз да беріп тұрамыз. Сондықтан біз "Қарбызды жаз" акциясын ұйымдастырып отырмыз. Жануарларымызға арнайы әкелген әрбір қарбыз үшін бір отбасының 3 адамына сыйлық сертификатын береміз, - деп хабарлады Алматы хайуанаттар бағы Instagram-дағы парақшасында.
Сонымен қатар акцияға қатысушы әр адам арнайы тізімде көрсетілген жануарлардың бірін тамақтандыруына (әрине, жануар қауіпті болмаса) болады. Акцияның өтетін мерзімі: 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін.
Оқи отырыңыз: Алматыда 22 жаңа мектеп салынады