Алматыдағы қуыршақ театрында «Ер Төстік» халық ертегісі сахналанды

Алматыдағы қуыршақ театрында «Ер Төстік» халық ертегісі сахналанды
Туындының негізгі идеясы ‒ жас ұрпақтың санасына ежелгі батырлықты, салт-дәстүрді, туған жер мен досқа деген адалдықты сіңіру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматыдағы қуыршақ театрында «Ер Төстік» халық ертегісі сахналанды. Елорда күні қарсаңында бүлдіршіндер мен көрермендердің назарына тарту етілген қойылымға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов пьеса жазған. Поэтикалық драма жанрында қойылған туындының негізгі идеясы ‒ жас ұрпақтың санасына ежелгі батырлықты, салт-дәстүрді, туған жер мен досқа деген адалдықты сіңіру дейді авторлар. Ал, ұйымдастырушылар пандемияға қарамастан әртістермен дайындық жұмысы тоқтаусыз жүргізілгені және арнайы қуыршықтар дайындалғанын айтады, деп хабарлайды Almaty.tv

«Біздің астанамызда «Бәйтерек» монументі бар, «Самұрық құс»-тың символы бар. Байтеректің басындағы балапандарды айдаһар жегісі келеді. Оны Ер Төстік құтқарып алады. Соған рақмет айтып, самұрық құс Ер Төстікті жер асты әлемінен жер бетіне аман-есен алып шығады. Менің ойымша, бұл ‒ қазақ елінің ең үлкен символикасы», ‒ деді «Ер Төстік» спектаклінің режиссері Еркебұлан Қабдыл.

Новости партнеров