Соғыстан кейінгі жылдарда сән әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған қазақ қызы туралы деректі фильм Франция төрінде де қойылды
Парижді мойындатқан қазақ қызы. Танымал кутьюре Кристиан Диордың бойтұмарына айналған, өткен ғасырдың 50 жылдары атағы жер жарған модель Алла Елшіннің өнегелі өмірі Алматыда ұлықталды. Әйгілі еуропалық дизайнерлермен 20 жылдан астам жұмыс істеген қазақ аруы туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алла – Диордың шығыс маржаны» атауы берілген туындыда көпке танымал модельдің еңбек жолы баяндалған. Салтанатты түрде ұйымдастырылған іс -шараға Францияның Қазақстандағы Бас консулы мен елшісі, сондай-ақ өнер сүйер қауым қатысты.
«Бұл фильмді түсіруге Алла Елшіннің өмірінің соңғы жылдарында өнертанушы Александр Васильевке берген сұхбаты себеп болды. Әйгілі модель сол кезде оны еуропалықтардың Қытай азаматшасы деп танығаны жаңсақ пікір екенін, негізінде, өзінің қазақ қызы екенін мәлімдеген. Сондықтан тағлымды ғұмыр ел жадынан ұмыт қалмауы керек деп шешкен Берлин Иришев деректі фильм түсіруді қолған алған еді», – деді Азамат Иришев.
Айта кету керек, соғыстан кейінгі жылдарда сән әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған қазақ қызы туралы деректі фильм Франция төрінде де қойылды. Туынды келесі жылы ақпан, наурыз айларында кино сүйер қауымға жол тартады.