Маңғыстау театры Алматыда

29.04.2019 21:31

Шығармашылық ұжым Алматыда 1 мамырға дейін болады

mangystautv.kz

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Алматыда. Гастрольдік сапармен келген ұжым Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында әзірлеп келген бес туындыларын сахналайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өнер ұжымы гастрольдік сапарларын 1 мамыр күні Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырауымен» қорытындыламақ.

«Бүгін кешкі 18:30-да Нартай Сауданбектің «Әлиханның аманаты» атты спектаклі болады. Біз бұл туындыны Алаш зиялыларының құрметіне, яғни «Алаш» партиясының 100 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай сахналаған болатынбыз. Қойылым Алаш зиялыларының қазақ елі үшін жандарын пида еткен ерен еңбектері туралы. Сондықтан осы спектакльді өзін қазақ санайтын барша азамат көруі тиіс», – дейді Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының актері Медғат Өмірәлиев.

Айта кетейік, Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры 2003 жылы Елбасының қолдауымен ашылған болатын.