Дала экспедициясы: Алматыда Алтай би Найманбайұлына арналған ғылыми конференция өтті

28.12.2022 21:36

Алтай Би Найманбайұлы – қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі

Almaty.tv

Алматыда ел бірлігін еселеген Алтай би Найманбайұлына арналған конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алтай Би Найманбайұлы – қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Бір өкініштісі, ол туралы дерек жоқтың қасы. Өз заманында аянбай қызмет етіп, әділдіктің ақ туын биік ұстанған дана би болған. Қазақ-жоңғар соғысы дәуірінде шешендігімен, дипломатиялық шеберлігімен көзге түскен. Бұл конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – оның өмірі және жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі ерлігін жастарға кеңінен дәріптеу,патриоттық рухты нығайту. Конференцияға жиналғандар мен ұрпағы болашақта ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр.

«Ауызша дерек көп, жазбаша дерек аз. Ғылым дегенді білесіз ғой, нақты дерекке сүйенеді. Сондықтан экспедиция жасап, архивтерді ақтардық. Ескі кітаптарды оқыдық. «Экспедицияға шығып, Есіл, Ертіс бойында қайтыс болды» дегенді ақпар бар. Енді оны дәлелдеу керек», – деді филология ғылымдарының докторы Байынқол Қалиев.

«Тарихын зерттеп, көп жұмыс атқарды. Жатқан жеріне дейін мәліметтерді алдық, бұрын білмейді екенбіз. Зерттеу жұмыстарының, жігіттердің еңбегінің арқасында бабамыздың кім екенін, қандай жұмыс атқарғанын, басқаша айтқанда тарихи тұлға екенін сездік, білдік», – деді А. Найманбайұлының ұрпағы Бекет Жұмаділов.