Ұлттық құндылық-ұлт қазынасы: Алматыда ардагерлер арасында байқау өтті

13.02.2023 21:40

Сайысты Медеу аудандық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды

Almaty.tv

Алматыда салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттайтын мәдени байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің мұрындық болуымен өткен шарада Думан шағынауданының қариялары келін түсіру, қыз ұзату, бесікке салу, тұсау кесу сынды салт бойынша бақ сынасты.  Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықты дәріптеген ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар марапатталды. Сайысты ұйымдастырушылардың айтуынша, халықтың рухани мұрасын жандандыру арқылы ұрпақ тәрбиесіндегі сара жолды қалыптастыруға болады.

«Қазақтың салт-дәстүрі ұмыт болып барады. Себебі, ауылда бұрынғыдай әжелеріміз насихат жүргізбейді. Экономикалық жағдайға байланысты олар қалала тұрады. Сондықтан бүгінгі сайыс арқылы жастарға үлгі көрсетуге тырыстық. Мақсат – жастардың рухын ояту, салт-дәстүрді насихаттап жүруге тәрбилеу», – деді Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахтияр Камалов.