Әнші Мұхтар Ханзаданың біз білмейтін құпиясы қандай

18.08.2021 в 21:47

Әнші әннен бөлек сәнді және сапалы киім кигенді ұнатады

Қазақ эстрадасының қоржыны жаңа бейнебаянмен толығады. Бұл туралы «Таңғы студио» бағдарламасында әнші Мұхтар Ханзада айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жеке әнші болып шыққаныма 1-2 жыл болды. Қазіргі таңда репертуарымда 30-35-ге жуық әнім бар. Негізі әншінің қоры әнге толып отыру керек. Мен өзіме мақсат қойғам, бір айда 3 ән шығарамын деп. Ән шығару оңай жұмыс емес, ол да бір жауапкершілікті талап етеді. Әзірге 3 ән шығардым. Енді қыркүйек айында 3 әнмен қатар «Сары қыз»  атты бейнебаянның тұсауын кесемін», – деді Мұхтар Ханзада.

Әнші Мұхтар Ханзада өзіне қатысты біз білмейтін құпияны бөлісті. Әнші әннен бөлек сәнді және сапалы киім кигенді ұнатады. Үстіне киген әрбір киімнің матасы мен дизайнын өзі таңдайды екен.

«Киім үлгісін директорымен ақылдасып бірге шешеміз. Киімдердің матасын өзіміз таңдап, тіктіреміз. Дизайн жағына өзім қараймын. Адам негізі көпшіліктің ортасында ерекшеленіп тұруы керек. Бұрын мен ұзын шапандар тіктіретінмін, қазір жаз болғандықтан, нотасы бар жейде тіктіремін», – деді әнші.