Алматыда мектеп оқушылары арасында әдеби квест өтті

27.04.2023 в 21:54

Жарыста 5 оқу ордасының шәкірттері бақ сынасты

Алматыда мектеп оқушылары арасында әдеби квест өтті. Ойын түрінде өткен жарыста 5 оқу ордасының шәкірттері бақ сынасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Доданың 8 кезеңінде де көрнекті тұлғалардың еңбегі талданды. Конкурс қатысушыларының үздігін анықтау үшін әділқазы алқалары жұмыс істеді. Байқауды Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды.

«Оқушылар пәндік, республикалық олимпиадаға, ғылыми жобалаларға, тағы басқа жарысқа қатысып жүр. Әдеби квестке қатысу – оқушылар үшін жетістік», – деді әділқазылар алқасының мүшесі Майра Мәлікова.

Байқаудың басты мақсаты – жасөспірімдерді патриоттыққа, бірлікке, ұлттық құндылықты ұлықтауға шақыру. Жеңімпаздар арнайы диплом, алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бас жүлдені иеленген топ 100 мың теңге көлемінде сыйақы алды.

«Квест ойындары бізге ұнады әрі ерекше болды. Біз бұл квест ойындарынан не түйдік? Алары мен берері бар ма? Ақын-жазушыларың естен әлсін-әлсін сөніп бара жатқан шығармаcын санамызда қайта жаңғырттық», – деді байқау жүлдегері Бегасыл Ғұмырұзақ.

«Балалар емес, өзіміз де қатысқымыз келіп тұрды. Әдеби квестті ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», – деді Абай атындағы республикалық мектеп-интернатының мұғалімі Гүлмира Тайғарина.