Арман Жаналиев: Беташарда табаққа көп ақша салдырту үшін мені шақырады

almaty.tv
almaty.tv
Бұл туралы актер «Таңғы Studio» бағдарламасында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Актер, асаба Арман Жаналиевты халық беташарда табаққа көп ақша салдырту үшін шақырады. Бұл туралы актер «Таңғы Studio» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Менің той жүргізіп жүргеніме 5-6 жылдай болды. Негізі мен домбырамен бет ашпаймын, туған-туыстарым әзіл ретінде ортада тұрған табаққа көп ақша салдыру үшін мені шақырады. Осы жақында мен той жүргіздім, бәрі көңілді және қызықты өтті. Бірақ сол видеоны instagram-ға салып едім, жағымсыз пікірлердің астында қалдым», – деді А. Жаналиев.

Асабаның айтуынша, табыс көзі тек той ғана емес, әлеуметтік желі де бар.

«Тойқананың артынан кіріп үйреніп қалғанбыз. Қазір мейрамхананың артынанда кіре алмай қалдық. Тойда азайып қалды. Бізде табыс көзі тек тойдан ғана емес, instagram-да бар. Мен TikTok-та да бармын, 550 мыңдай оқырманым бар. Мен желіге түсірген видеоларымды TikTok-қа да саламын. Халық жақсы қабылдап жатыр», – деді актер.

Новости партнеров