Алматыда жаңа балет театрының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Оны Bazis construction компаниясы салған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мәдени ғимараттың жалпы ауданы 14 мың шаршы метрді құраса, көрермен залы 700 адамға есептелген. «Алматы театры» классикалық балет қойылымдарынан бөлек, басқа да іс-шаралар өткізуге қауһарлы. «Алматы театры» әлемде үздік саналатын балет сахналарынан кем түспейді. Мұнда түрлі форматтағы презентациялар мен ауқымды қойылымдардан бастап, таңғажайып шоуларға дейін ұйымдастыруға болады. Белгілі сарапшылар мәдени ғимараттың өте сапалы салынғанын әрі заманауи талаптарға сай екенін айтады.
«Мұнда еден арлекиннен жасалған, өте сапалы. Оны тек балетте қолданады. Сахнадағы әртістердің керемет сезімді бастан кешері сөзсіз. Мұндағы жарық та барлық техникалық талапқа сай», – деді Қазақстан хореографтар одағы төрағасының бірінш орынбасары Нұрлан Қонақбаев.
Bazis construction компаниясы театр құрылысынан бөлек, техникалық жағына да басымдық берген. Ғимарат алдағы уақытта қаладағы ірі орталықтардың біріне айналары сөзсіз. «Алматы театрының» жалпы аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды, 4 қабаттан тұрады. Залға 700 адам еркін сыйып кетеді. Одан бөлек, ішінде мейрамханалар мен арнайы тамақтанатын орындарға дейін бар. Ал мәдени орталықтың қасбеті табиғи тастармен қапталып, сән өрнектерімен безендірілген.
«Алматы театр» бұл біздің құрылыс компаниясымен 2 жыл төңірегінде салынған нысан. Бұл жерде мың жарым адамдай жұмыс істеді», – деді Bazis construction филиалының директоры Нұртас Садықов.
Bazis Construction компаниясы пайдалануға берген театр әртістердің және алматылықтар мен қала қонақтарының көңілінен шығып, сүйікті орындарына айналатынына сенімді. Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан ғимаратқа 7 мамырдан бастап кіруге болады. Жаңа сахнада алғаш болып аты аңызға айналған Борис Эйфман балетінің әртістері өнер көрсетеді.
Мерей Қанапиянов, Ануар Амангелдинов, «Алматы» телеарнасы