Алматыда қазақ халқының қолөнері мен ою-өрнегі туралы кітаптар жарық көрді

Almaty.tv
Almaty.tv
Әр кітап 1000 дана болып шығарылып, жақын арада сауда сөрелеріне қойылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде белгілі суретші-график Ералы Оспановтың қазақ қолөнеріне арналған 2 кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

700 беттік «Қазақ халқының ою-өрнектерінің этнографиялық атласы» сонау сақ дәуірінен бастап, «қазақ» этносы пайда болған тұстағы елдің мәдени тарихынан сыр шертеді. Ал «Қошетер – қазақ халқының қолөнері» кітабы 3 тілде жазылып, Алты Алашта ғана емес, барша әлемге түркі ұлттарының оюымен жетік таныса алуына мүмкіндік туғызып отыр. 10 жылдық тер, Ералы ағамызды тек суретші ғана емес, сондай-ақ этногроф, тарихшы, өнерзерттеуші, мәдениеттанушы, философ, лингвист ретінде танытты. 

Айта кетейік, әр кітабы 1000 дана болып шығарылып, жақын арада сауда сөрелеріне қойылмақ.    

«10 жыл бұрын бастағанмын. Сол уақытта «қазақтын оюларын салып, оларды зеттеу» – деген ой келді. Мұнша қиын болады деп ойлаған жоқпын. Дизайнер болғаннан кейін, 30-40 рет сызам деп алғанмын. Кейін, терең бойлап кеттім. Бұл тұңғиық нәрсе, түбіне жету мүмкін емес. Мен енді жарты жолдан ассам, оған шүкір деймін», – дейді суретші-график Ералы Оспанов.

Новости партнеров