Алматыда Тимур Мыңбаевтың «Фрескалар» балетінің жаңартылған қойылымы сахналанды

24.06.2022 22:18

Спектакль көрнекті балетмейстер Зәуірбек Райбаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылды

Almaty.tv

Алматыда Тимур Мыңбаевтың «Фрескалар» балетінің жаңартылған қойылымы көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Спектакль көрнекті балетмейстер Зәуірбек Райбаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылды. 1981 жылы сахналанған қойылым қазіргі заманға сай жаңартылды. Әсем әуенмен үйлесім тапқан спектакльдің әр көрінісі адамды сөзсіз баурап алады. Мәдени іс-шараға бас дирижер Ерболат Қаршымбайұлы мен балет трупасының көркемдік жетекшісі Гүлжан Түткібаева қатысты.

«Тәңір заманында болған шамандардың билері де бар, шауып келе жатқан аттың көрінісі бар. Әйел мен еркектің махаббаты, бір-біріне деген сезімі, қарым-қатынасы бар. Бұл кәдімгідей жеті көрініс, тек көру керек. Көрермендеріміз жақсы әсер алады деп ойлаймыз», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, бас дирижер Ерболат Ахмедьяров.