Алматыда «Бәйшешек» атты жаңа туынды жарық көрді

Almaty.tv
Almaty.tv
21 жастағы Жәмилә Бақтиярқызы ауыр сырқаттан қалай айыққанын жазыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жас қаламгер Жәмиля Бақтиярқызының «Бәйшешек» атты жаңа туындысы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған шарада автор өз шығармаларынан үзінді оқып, көпшілікті терең ойға жетеледі. 21 жастағы Жәмилә Бақтиярқызы ауыр сырқаттан қалай айыққанын жазыпты. Кешке өнерде жүрген ағайынды күйші-композитор Ғаламат пен Нұрәли Бейсеқожалар қатысып, іс-шараның көркін қыздырды. Кітаптың тұсаукесері осыған дейін Нұр-Сұлтан, Түркістан, Талдықорған және Шымкент қалаларында өтіпті.

«Ендігі мақсатымыз Батыс Қазақстанға, батыс еліне барып Атырау, Маңғыстау жақтың қазақтары жыр десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Құрманғазының жері, Дина апамыздың жері, сол елге барып, өнерсүйер қауымға осы кітапты паш етіп, таныстырамыз. Егер сәті түсіп жатса Нұрәли мен Ғаламат бауырымызды ертіп барғымыз келеді. Олардың да қаншама еңбектері, күйлері бар», – деді әкесі Бақтияр Өнербаев.

Новости партнеров