|
12.10.2020 | 17:26
2115

Биыл Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестріне 87 жыл

Мерейтойға орай музыкалық ұжым онлайн-концерт өткізді

Биыл Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестріне 87 жыл almaty.tv

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестріне биыл 87 жыл. Мерейтойға орай музыкалық ұжым онлайн-концерт өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оркестр мүшелері айтулы шараны қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына, сондай-ақ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арнаған. Онда күйші Дәулеткерейдің «Құдаша», Құрманғазының «Кішкентай», Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйлері орындалды.Тікелей эфирде өткен концертті 700-дей адам тамашалаған.  

«Бағдардамада Абайдың күйлері орындалды, әндері айтылды. Әл Фарабиге арналған Кенжебек Күмісбековтың «Фараби сазы» атты шығармасы орындалды. Жалпы биыл карантинге байланысты Құрманғазы оркестрі жүздеген онлайн концерт

бердік. Оны мыңдаған көреремендер көріпті», – деді Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің дирижері Жанас Бекентұров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир