Жобаның мақсаты – тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау
Халықаралық кітап күніне орай бүгін Алматыда кітап кофеханасы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоғамдық орын бір мезетте 50 адамға дейін қабылдай алады. Ондағы сөрелерге түрлі жанрдағы мыңға жуық оқулық қойылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жобаның мақсаты – тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау. Кітапхана мен кофехана қызметін үйлестірген жобаны қала әкімдігі қолдап, «Мазмұндама» баспасы жүзеге асырған.
– Бұл – алғашқы жобамыз. Егер халықты қызықтырып, сұранысы туатын болса, Алматының басқа жерінен және Қазақстанның басқа өңірінен ашамыз деп отырмыз, – деді баспаның басшысы Шыңғыс Мұқан.
Оқи отырыңыз: Алматылық оқушылар 2000-нан астам қызғалдақ отырғызды