Биыл мұзбалақ ақынның дүниеге келгеніне 93 жыл толады
«Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын». Осылай деген қазақ поэзиясының «Хантәңірі» атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, Алматыдағы №108 мектепте дәстүрлі жыр онкүндігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара аясында білім ордасында әдеби-сазды кеш пен шығармашылық байқау ұйымдастырылған. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқып жарысып, қойылым қойып, белгілі тұлғалармен кездесуге мүмкіндік алды.
Айта кетейік, биыл мұзбалақ ақынның дүниеге келгеніне 93 жыл толады.
– Біздің негізгі мақсатымыз – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың отты жырлары арқылы жастардың, шәкірттердің бойындағы ұлттық рухты ояту және қазақ тілінің мәртебесін арттыру, – деді мектеп директоры Руфинат Әлдіғазы.
– Ақпан Мұқағалидың айы болып кеткеніне талай жыл болды. Бұл – жеке бір әлем. Мұқағали әлі зерттелген жоқ. Білім саласына Абай, Ыбырайды қалай қоссақ, Мұқағалиды да солай дәріптеуіміз керек, – деді мұқағалитанушы Шаяхмет Имашұлы.
Оқи отырыңыз: «Ұлы дала жорығы» жобасы халықаралық деңгейге шығуда