Алматыда «Өнер сананы өзгертеді» атты жылжымалы көрме өтті

16.05.2022 22:43

Мақсаты – кешегі Бұқар Жырау, Мөңке бидің мұрасын бүгінгі ұрпаққа насихаттау

Almaty.tv

«Өнер сананы өзгертеді». Осындай атаумен Қастеев атындағы өнер музейінде суретші Армат Бектастың жылжымалы көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көрмеге абстракция және реализм жанрында 44 кескіндемелік жұмыс қойылған. Мақсаты – кешегі Бұқар Жырау, Мөңке билердің мұрасын бүгінгі ұрпаққа аманат етіп тапсыру. Ол бейнелеу өнері арқылы қоғамның, мәдениеттің қарым-қатынасын және ұлттық идеяның қалыптасуын жаңаша түсіндіруімен танымал. Көшпелі көрме Қазақстанның бес қаласында көрсетілмек.     

«Көрменің негізі мақсаты – өнер арқылы Бұқар Жырау,Ақтанберді, Шалкиіз, Мөңке билерден қалған мұраны насихаттау. Қазақ даласына біздің аталарымыздан қалған мұраны өнер арқылы таратуға бел будық», – деді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Армат Бектас.


«Армат ағаның 6 жастан бастап 60 жасқа дейін шәкірті бар. Ұстаз ретінде адамның, әр шәкірт бойындағы талантын таба біледі», – деді А. Бектастың шәкірті Анар Әбдірахманова.