Жазушының тың туындылары таныстырылды
Бүгін Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында қазақтың маңдайалды жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиынға студенттер мен әуезовтанушы ғалымдар қатысып, академик еңбектерінің маңызына тоқталды. Айта кетейік, «Әуезов әлемі» деп аталған іс-шарада жазушының әлі де баспа бетін көрмеген тың туындылары таныстырылды.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты – Әуезовтің әлемімен таныстыру. Балалар уақытын тиімді өткізді деп ойлаймын. Рухани дамымай мемлекеттің экономикасы да, саясаты да дамымайды. Сондықтан, осындай даталы күндер мемлекет, халықаралық деңгейде аталып өтілуі тиіс», – деді Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Ғазиза Құдайберген.