Өрт сөндіру технологиясы: Алматы музейіндегі экспонаттар қалай сақталады

21.10.2022 в 23:39

III ғасыр бұрын жасалған қобыз Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде тұр

Almaty.tv

Алматылық музейінде ең көне қобыз сақталған. III ғасыр бұрын жасалған жәдігер бүгінде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде 50-ге жуық елдің инструменттері қойылған. Алайда ең құнды жәдігер мына 300 жылдан бері сақталып келген қазақтың қобызы. Аспап туралы аңыз да қызық.

«Музейдің 4-залы, қобыз залы. XIX ғасырдағы жәдігер. Жарас бақсы осы аспапты емдік, дауалық мақсатта пайдаланған. Бұны ол қайтыс болғанда өзімен жерлейді. Бірақ жергілікті тұрғындар сол моланың қасынан өткенде дәл осы аспаптың дыбысын естіген. Туыстарымен келісіп, аспапты қазып алуды жөн көреді. Жарас бақсы қайтыс болған соң, аспап бақсының алты ұрпағының қолында болған. Біздің музейдің қызметкерлері Талас өлкесіне аспапты іздеп барып, ұрпағы Бижан Рахманұлының қолынан 1983 жылы алды. Біздің музейге сақтауға берілген болатын», – деді Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің экскурсия жетекшісі Данияр Жанқабаев.

Тағы бір айта кетерлігі мұражайда өрт қауіпсіздігі тыңғылықты ойластырылған. Өрт сөндіру жүйесіне ерекше мән бергіміз келеді. Өйткені дәл осы музейдегідей автоматтандырылған жүйе еш жерде жоқ.

«Әрине ерекше құнды жәдігерлерді сақтауға Мәдениет көп көңіл бөлген. Сол себепті 2021 жылы музейге автоматтандырылған газды өрт сөндіру жүйесі құрылғылары қойылған. Өрт болған жағдайда арнайы дабыл қағылады. Мына көріп тұрған есіктер бір минуттан кейін жабыла бастайды. Егер ол уақытта келушілер қалып қойған жағдайда ол есіктерді ашуға арнайы кілттер қойылған. Сол артқылы есіктерді қайта көтеруге болады. Музейде 24 сағат бұны бақылап отыратын күзет қамтамасыз етілген. Күзетшілер арнайы дайындықтан өткен. Барлығы осы жерден басқарылады. Осы құралдар арқылы әр залдың нөмірі бар. Қай залда өрт болады сол залдың сигналы жанады. Таймер көрсетіледі. Соның барлығын күзетші бақылап отырады», – деді «Алматы музейлер бірлестігі» директорының ғылым жөніндегі орынбасары Рүстем Қайратұлы.

Есіктер жабылған соң сигнал осы құрылғыларға түседі. Бұл аппарат клапондарға сигнал береді. Сигнал мына баллондарға беріледі. Залға жіберіліп, сол залдағы оттегінің жояды. Сосын өртті сөндіреді. Өйткені бұл жерде құнды жәдігерлер сақталғаннан кейін су немесе пена жіберуге болмайды.

Ұрпаққа аманат ұлттың руханиятына жататын жәдігерлер заманауи технологиямен сақталады.

Назкен Еркін, Сағындық Нарықов, Жақсылық Тілепберген «Алматы» телеарнасы