Еліміздің барлық өңірінен 30-ға жуық өнерпаз келген
Алматыда «Көшпенділер әуені» атты республикалық дәстүрлі әншілер байқауы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған додаға еліміздің барлық өңірінен 30-ға жуық өнерпаз келген. Ал жеңіс тұғырынан көрінген әншілерге арнайы сыйлықтар табысталмақ. Өнер қайраткерлерінің айтуынша, жылда дәстүрлі түрде өткізілетін жарыстың басты мақсаты –халқымыздың ұлттық вокалдық мұрасын сақтап, оны өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау.
«Міндетті түрде ақшалай сыйлықтар болуы керек. Сондықтан екінші турға шыққан барлық өнерпаз лауреат атанады. Арнайы Ескендір Хасанғалиев атындағы арнайы сыйлық бар», – деді әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев.